Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының облыстық кезеңі
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы педагогтардық шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың 15 желтоқсан күні онлайн форматта «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді. Ереже бойынша «Шығармашыл толқын» бағытына мектепке дейінгі білім мекемелерінен 5 жұмыс, бастауыш білім беру бойынша 6 жұмыстан өтініш түсті. Әділ-қазылар ZUM форматында алқасы TED-х форматында оқытудың инновациялық технологиялары бойынша таратуға лайық педагогикалық идеяларға ережеде көрсетілген критерийлер бойынша баға берді.