Размер шрифта:
Әдістемелік күн
20-12-2023 18:02
 Әдістемелік күн

      2023 жылдың 20 желтоқсанында Қарағанды облысының білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері мен әдіскерлері үшін кезекті әдістемелік күн өтті.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшысы Абдикерова Б.Х. PISA-2022 халықаралық зерттеуі бойынша Қарағанды облысының нәтижелеріне талдау жасады. Бакиткул Химальдиновна өз сөзінде PISA-2022 зерттеуінің нәтижелерін PISA-2018 жылғы нәтижелермен салыстырып, сондай-ақ ауыл мектептері қалалық білім беру ұйымдарымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш көрсеткеніне назар аудартты.

Сонымен қатар келесі мәселелер қаралды:

1.       PBTS-2023 халықаралық зерттеуін ұйымдастыру және жүрізу туралы;

2.       Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық «Алтын тұғыр»  олимпиадасының өту барысы туралы;

3.       «Үздік педагогикалық жоба» облыстық сырттай байқауының қорытындысы туралы;

4.       «Тәлімі мол тәлімгер» облыстық байқауының қорытындысы туралы;

5.       «Шабыт шаттығы» облыстық байқауының 2 кезеңінің қорытындысы туралы.

Барлық әдістемелік күндерде мектепішілік бақылауды жоспарлау және ұйымдастыру бойынша «1000 мектеп» республикалық жобасына қатысушы мектептерге әдістемелік көмек көрсету мәселесіне ерекше назар аударылады.

Әрбір мәселе бойынша оқу-әдістемелік орталықтың әдіскерлері өңірлермен одан әрі жұмыс жасау үшін әдістемелік ұсынымдар берді.