2023 жылдың 20 желтоқсанында Қарағанды облысының білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері мен әдіскерлері үшін кезекті әдістемелік күн өтті.
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшысы Абдикерова Б.Х. PISA-2022 халықаралық зерттеуі бойынша Қарағанды облысының нәтижелеріне талдау жасады. Бакиткул Химальдиновна өз сөзінде PISA-2022 зерттеуінің нәтижелерін PISA-2018 жылғы нәтижелермен салыстырып, сондай-ақ ауыл мектептері қалалық білім беру ұйымдарымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш көрсеткеніне назар аудартты.
Сонымен қатар келесі мәселелер қаралды:
1. PBTS-2023 халықаралық зерттеуін ұйымдастыру және жүрізу туралы;
2. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық «Алтын тұғыр» олимпиадасының өту барысы туралы;
3. «Үздік педагогикалық жоба» облыстық сырттай байқауының қорытындысы туралы;
4. «Тәлімі мол тәлімгер» облыстық байқауының қорытындысы туралы;
5. «Шабыт шаттығы» облыстық байқауының 2 кезеңінің қорытындысы туралы.
Барлық әдістемелік күндерде мектепішілік бақылауды жоспарлау және ұйымдастыру бойынша «1000 мектеп» республикалық жобасына қатысушы мектептерге әдістемелік көмек көрсету мәселесіне ерекше назар аударылады.
Әрбір мәселе бойынша оқу-әдістемелік орталықтың әдіскерлері өңірлермен одан әрі жұмыс жасау үшін әдістемелік ұсынымдар берді.