2023 жылдың 21 желтоқсанында директорлардың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КМҚК базасында дуальды оқыту бойынша облыстық форсайт-сессия өтті. Дуальды оқыту - бұл колледждерде кәсіптік білім берудің бір түрі, онда білім беру бағдарламасының 60%-ы (практикалық бөлімі) өндірісте ұйымдастырылады, ал 40%-ы (теориялық бөлімі) колледждер негізінде ұйымдастырылады.
Қарағанды облысында дуальды оқыту 2012 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Дуальды жүйе бірден екі міндетті шешеді - білікті кадрларды сапалы даярлау және Қарағанды облысының кәсіпорындарындағы кадрлық жетіспеушілікті толықтыру.
Іс-шара форсайт-сессияның белсенді түрінде өтті. Директорлардың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары Қарағанды облысының болашақ дуальды оқытуды модельдеудің инновациялық құралдарын пайдалана отырып, дуальды оқытумен байланысты проблемаларды шешу жобаларын жасады.
Форсайт-сессияға директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі 23 орынбасары қатысты.