Ғылыми-әдістемелік кеңес
22-12-2023 09:02
Ғылыми-әдістемелік кеңес

2023 жылғы 22 желтоқсанда облыстық ғылыми-әдістемелік кеңес өтті.

Отырыстың күн тәртібінде облыс педагогтерінің келесі әдістемелік ұсыныстары қаралды:

1.         «№6 арнайы мектеп-интернат» КММ, «Интеллекті бұзылған балалармен жұмыста ақыл-ой карталарын қолдану» бойынша әдістемелік ұсынымдар;

2.         «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ «Тәрбие басы – тіл» әдістемелік ұсынымдары;

3.         «А. Құнанбаев   атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК «Lingua Land» жазғы сауықтыру-лингвистикалық лагерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар қарастырылды.

Сонымен қатар, оқу-әдістемелік орталық әдіскерлерінің әдістемелік өнімдері:

1.         «Жалпы білім беретін мектепте оқушының ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандырудың негізі ретінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындылары» әдістемелік ұсынымдары;

2.         Жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру жөніндегі жадынама;

3.         «JasSkills» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының, ерте кәсіптік бағдарлаудың және оқушыларды кәсіптік даярлау негіздерінің ережесі;

4.         «Күле қарсы алайық» жобасы;

5.         «Eko-Bolashak» экологиялық сынып жобасы.

Қаралған жұмыстардың ішінде 6 әдістемелік өнімді бекіту ұсынылды, 2 жұмысқа толықтырулар енгізу ұсынылды. Педагогтерге жұмыстарды ресімдеу мен мазмұнын қайта қарау бойынша ұсыныстар берілді.