2023 жылғы 22 желтоқсанда облыстық ғылыми-әдістемелік кеңес өтті.
Отырыстың күн тәртібінде облыс педагогтерінің келесі әдістемелік ұсыныстары қаралды:
1. «№6 арнайы мектеп-интернат» КММ, «Интеллекті бұзылған балалармен жұмыста ақыл-ой карталарын қолдану» бойынша әдістемелік ұсынымдар;
2. «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ «Тәрбие басы – тіл» әдістемелік ұсынымдары;
3. «А. Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК «Lingua Land» жазғы сауықтыру-лингвистикалық лагерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар қарастырылды.
Сонымен қатар, оқу-әдістемелік орталық әдіскерлерінің әдістемелік өнімдері:
1. «Жалпы білім беретін мектепте оқушының ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандырудың негізі ретінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындылары» әдістемелік ұсынымдары;
2. Жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру жөніндегі жадынама;
3. «JasSkills» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының, ерте кәсіптік бағдарлаудың және оқушыларды кәсіптік даярлау негіздерінің ережесі;
4. «Күле қарсы алайық» жобасы;
5. «Eko-Bolashak» экологиялық сынып жобасы.
Қаралған жұмыстардың ішінде 6 әдістемелік өнімді бекіту ұсынылды, 2 жұмысқа толықтырулар енгізу ұсынылды. Педагогтерге жұмыстарды ресімдеу мен мазмұнын қайта қарау бойынша ұсыныстар берілді.