2023 жылдың 26 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында колледждерде оқу жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырыс барысында білім беру бағдарламаларын білім беру ортасындағы заманауи өзгерістерге бейімдеу, оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік өнімдерді әзірлеу мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, колледж директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін кредиттік-модульдік оқыту жүйесі бойынша семинарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.
Талқылау барысында әрбір қатысушы өз ұсыныстарын айтты.
Отырысқа директордың оқу жұмысы жөніндегі 8 орынбасары, жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Отырыс қорытындысында жұмыс тобы мүшелерінің қаралатын мәселелер бойынша нақты ұсыныстар берудің қорытындылары шығарылды, шешімдер қабылданды және мерзімдері айқындалды.





umc-ro@umckrg.gov.kz



