Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
27-12-2023 12:14
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың желтоқсан айының 27-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

- «RoboLand-2023» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың VIIІ фестивалін өткізуге көмек берген педагогтерді марапаттау;

-Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының облыстық жобаларының 1 жарты жылдық есебі («Информатика» пәні, «Цифрлық әлемге қадамдар», «Болашақ инженерлер», «Web мастер», «Қашықтықтан ВООМ», «ІТ сарапшы», «Білім беру робототехникасы», «Bilimal»).

Әдістемелік күнге білім бөлімдерінің әдіскерлері және мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарлары қатысты.