«Жас әдіскер мектебі» шеңберіндегі «Білім берудегі коучинг технологиясы» тақырыбындағы семинар (Жас әдіскерлерді оқытудың екінші кезеңі)
26-12-2023 08:01

      2023 жылдың 26 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік  орталығының басшылығымен Шет тілдер колледжінің базасында «Жас әдіскер мектебі» (Жас әдіскерлерді оқытудың екінші кезеңі) аясында облыстық семинар өткізілді.

Семинар жас әдіскерлердің  білім берудегі коучинг технологиясы туралы білімдерін кеңейту және тереңдету мақсатында «Білім берудегі коучинг технологиясы» тақырыбында өтті.

Семинардың ашылуында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі А. А. Кнашина «Алға қадам» жобасын жүзеге асыру шеңберіндегі «Жас әдіскер мектебінің» жұмысы туралы» тақырыбымен,  «Шет тілдер колледжі» ЖММ басшысы Г.С.Турмухамбетова «Білім берудегі заманауи технологиялар» тақырыбымен сөз сөйледі.

Бұдан әрі бекітілген бағдарламаға сәйкес «Шет тілдер колледжі» ЖММ педагогтері тыңдаушыларға келесі жұмыстарды ұсынды:

  • тренинг түрінде практикалық тапсырмаларды орындаумен «SMART және SWOT технологиялары» тақырыбында баяндама, Фадеева Е.В., директордың ғылыми-ісі бойынша орынбасары;
  • тренинг түрінде практикалық тапсырмаларды орындаумен «Коучинг принциптері. Шешімін іздеу»тақырыбында баяндама,Каджиева Е.Г., арнайы пәндер оқытушысы.

Семинар қорытындысындаколледжәдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Кашина Е.А. және модераторлар рефлексия жүргізді, онда тыңдаушылар қызықтырған сұрақтарға жауап алды, ұсыныстар берілді және оқытудың қорытындысы шығарылды.

Семинарға  облыс колледждерінің 19 әдіскері қатысты.