Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Қысқы мектеп жұмысы
04-01-2024 09:12
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Қысқы мектеп жұмысы
      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, бастауыш сынып оқушыларының логикалық, шығармашылық, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында 2023 жылдың 04 қаңтар күні үш күнге жоспарланған Қысқы мектептің екінші күнін өткізді. 
Қысқы мектепке республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңіне жолдама алған 212 педагог қатысып отыр. Педагогтер 05 қаңтар күні өткізілетін олимпиадаға жан-жақты дайындалуда. Оқыту курсын Абай атындағы Саран техникалық-гуманитарлық колледжінің педагогика-психология пәндерінің оқытушылары Маженова Салтанат Садуакасовна, Қаупенова Альмира Амангелдіқызы, Горбатова Юлия Валерьевна, Рыбинцева Надежда Фёдоровна, Лопатко Ирина Георгиевна, Ташкен Зарина Максутовналар өткізді. Шеберлік сабақтарда облыстың педагог-шебер, педагог-зерттеуші мұғалімдері Рахимжанова Гибрат Кадировна, Жашенова Дария Максутовна, Сейсенбаева Гүлнәр Амангелдіқызы, Альханова Айгуль Тулеутаевна, Каржасова Айман Сериккызы, Рейзвих Наталья Васильевна Насонова Елена Николаевна, Анафина Арман Акановна, Сабитова Танзиля Хабибуллаевна, Гурьянова Татьяна Евгеньевна, Гольцверт Анна Дмитриевна өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.