Химия, биология пәндері мұғалімдеріне арналған ҚЫСҚЫ МЕКТЕП
03-01-2024 10:32
Химия, биология пәндері мұғалімдеріне арналған  ҚЫСҚЫ МЕКТЕП

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  2024  жылдың 3 қаңтар күні  Қысқы мектеп аясында 7 сыныпта химия, биология пәндерінен қиындық туғызатын тақырыптар бойынша шеберлік сыныбын өткізді.   

Шеберлік сынып бойынша Ақтоғай ауданы білім беру ұйымдарының педагогтары «Зат массасының сақталу заңы», «Валенттілік. Химиялық формула», «Фотосинтез процесіне қажетті жағдайлар» тақырыптары бойынша және химия пәніне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында қызықты зерханалық жұмыстар жүргізіп,   өз тәжірибелерімен  бөлісті.  

Қатысушылар саны 100