Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған «Әбілхан Қастеев: Өмірі, шығармашылығы, мұрасы» атты мерейтойлық іс-шара
05-01-2024 19:41
Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған «Әбілхан Қастеев: Өмірі, шығармашылығы, мұрасы» атты мерейтойлық іс-шара

 

2024 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасының Ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын»  жүзеге асыру мақсатында оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласының «Оқушылар сарайы» КМҚК-да «Ұрпаққа аманат» жобасы аясында Қарағанды облысының педагог-суретшілеріне арналған «Әбілхан Қастеев: өмірі, шығармашылығы, мұрасы» атты Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойына орай іс-шара өткізді.

      Іс-шара барысында Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы бойынша білім алушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, 70-тен астам педагог-суретшілердің қатысуымен 7 воркшоп-алаң жұмысы жүргізілді. 

Спикерлер Василевская Елена Александровна, «Қарағанды Суретшілер Одағы»шығармашылық одағы» ҚБ өнертанушысы; «Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ көркемөнер және дизайн кафедрасының аға оқытушысы, ҚР дизайнерлер Одағының мүшесі Жученко Ирина Анатольевна Әбілхан Қастеевтің қазақстандық бейнелеу өнерін дамытуға қосқан үлесі туралы айтып берді.