Қысқы мектеп аясында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының психологиялық қызметіне арналған оқыту курсы
05-01-2024 15:14
Қысқы мектеп аясында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының психологиялық қызметіне арналған оқыту курсы

      2024 жылдың 03-05 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қысқы мектеп аясында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының психологиялық қызметіне арналған оқыту курсын өткізді.

Психологиялық қызметке арналған оқыту курсына Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы аудандарынан және Саран қаласынан директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, тәлімгерлер қатысты.

Оқыту курсының бірінші күніндепсихологиялық қызмет мамандарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарға арналды.

Оқыту курсының екінші күнінде:«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану»; «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»; Тәрбие жұмысының жылдық талдауы; «Сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралардың талдауы»; «Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру».

Курстың соңғы үшінші күнінде білім беру ұйымдарында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері; Білім беру процесінде девиантты мінез-құлықтың алдын-алу; Әлеуметтену динамикасын бақылау; Педагогтердің кәсіби (эмоционалды) күйіп кетуінің алдын алу тақырыптарында ІІІ модуль бойынша оқытылды: Курс соңында қорытынды кері байланыс беріліп, тыңдаушылар сауалнамадан өтті.