Размер шрифта:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қолданбалы бакалавриаттың күйіне мониторинг қорытындысы бойынша онлайн-кеңес
27-12-2023 08:28
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қолданбалы бакалавриаттың күйіне мониторинг қорытындысы бойынша онлайн-кеңес

      2023 жылдың 27 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қолданбалы бакалавриат» бағыты бойынша жұмыс шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриаттың жай-күйіне мониторинг жүргізу қорытындылары бойынша онлайн-кеңес өткізді.

Кеңес барысында 2023-2024 оқу жылындағы қолданбалы бакалавриаттың жай-күйіне мониторинг жүргізу және білім беру бағдарламаларын іске асыру дәрежесін талдау қорытындылары талқыланды.

Келесі мәселелер қаралды: жұмысшы біліктіліктерін игере отырып, қолданбалы бакалаврларды даярлау; облыстық сараптамалық кеңеске әдістемелік өнімді әзірлеу және ұсыну; түлектерді жұмысқа орналастыру.

Кеңеске қолданбалы бакалавриатты іске асыратын колледждердің 14 өкілі қатысты.

Кеңес соңында қорытындылар шығарылып, шешімдер қабылданды.