2023 жылдың 27 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қолданбалы бакалавриат» бағыты бойынша жұмыс шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриаттың жай-күйіне мониторинг жүргізу қорытындылары бойынша онлайн-кеңес өткізді.
Кеңес барысында 2023-2024 оқу жылындағы қолданбалы бакалавриаттың жай-күйіне мониторинг жүргізу және білім беру бағдарламаларын іске асыру дәрежесін талдау қорытындылары талқыланды.
Келесі мәселелер қаралды: жұмысшы біліктіліктерін игере отырып, қолданбалы бакалаврларды даярлау; облыстық сараптамалық кеңеске әдістемелік өнімді әзірлеу және ұсыну; түлектерді жұмысқа орналастыру.
Кеңеске қолданбалы бакалавриатты іске асыратын колледждердің 14 өкілі қатысты.
Кеңес соңында қорытындылар шығарылып, шешімдер қабылданды.