«Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы аясындағы байқаудың іріктеу кезеңінің қорытындысы
22-01-2024 17:38
«Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы аясындағы байқаудың іріктеу кезеңінің қорытындысы

       2024 жылдың 16-19 қаңтарында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Цифрлық әлемге қадамдар» жобасы аясында оқушылардың компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын дамыту мақсатында конкурстың іріктеу кезеңін өткізді.

Байқаудың кезеңдері: 

I кезең - 2023 жылғы 11 желтоқсаннан бастап 2024 жылдың 12 қаңтарға дейін өткізілген аудандық, қалалық деңгей. Қатысушылардың жұмыстарын аудандық, қалалық білім бөлімдері қарады. Ең үздік жұмыстар облыстық кезеңге жіберілді. Іріктеу кезеңінің тақырыбы: "Мектеп менің отбасым".

ІІ іріктеу кезеңі - 2024 жылдың 16-19 қаңтарында өтті. Байқаудың іріктеу кезеңіне:

- Растрлық графика (1-3 сынып) - 21;

- Растрлық графика (4-5 сынып) - 35;         

- Векторлық графика (6-7) - 26;

- Векторлық графика (8-9) - 4;

- Коллаж (1-4) - 12;

- Коллаж (5-8) - 27;

- Коллаж (9-11) - 15;

- Компьютерлік анимация. Классикалық анимация. Флэш-анимация (9-11) - 14;

- Графикалық дизайн (5-8) - 8;

-Графикалық дизайн (9-11) – 11.                                                                                      

Барлығы 173 қатысушы, оның ішінде 104 қатысушы іріктеліп, 2024 жылдың 25 қаңтарда ZOOM қашықтықтан форматында өтетін байқаудың қорытынды кезеңіне жолдама алды.

«Цифрлық әлемге қадамдар» жобасы аясындағы байқаудың қорытынды кезеңіне қатысушылардың тізімі