Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Құқық білгірлері» облыстық іскерлік ойыны
19-01-2024 09:28
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында  «Құқық білгірлері» облыстық іскерлік ойыны

      2024 жылдың 19 қаңтарында Құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК  басшылығымен  «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК-де  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының құқықтық емес мамандықтар студенттері арасында «Құқық білгірлері» облыстық іскерлік ойыны өтті.  

Мақсаты: жастардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, құқық саласындағы білімді өзектендіру.

Іскерлік ойынның жеңімпаздарын анықтауда объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқық білгірлері» іскерлік ойынының қатысушыларын құқық қорғау органдарының қызметкерлері және  Әділет өкілдері, тәжірибелі заңгерлер бағалады.

Облыстық іскерлік ойынға облыс колледждерінен 17 команда, оның ішінде 12 команда орыс тілінде және 5 команда мемлекеттік тілде қатысты. Ойын нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:

Мемлекеттік тілде:

1 орын - «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖМ студенттерінің командасы Айкынбаева Сезім, Бекжанова Жанель, Тихомбаева Аяулым. Жетекшісі: Сагимбекова А.Б.

2 орын -«Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМҚК студенттерінің командасы Балабай Динара, Балабай Дильвара, Раманова А. Жетекшісі:  Бижанова Ж.М.

3 орын -«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі»  студенттерінің командасы Турганова Балнұр, Серікбек  Назгүл, Тағай Ақтоты. Жетекшісі: Аяганов А.Б.

 Орыс тілінде:

1 орын- «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖМ студенттерінің командасы Есімханова Жансая, Иманбаев Ринат, Махабаев Ерсұлтан. Жетекшісі: Оралбаева А.А.

2 орын- «Қарағанды техника–құрылыс  колледжі» КМҚК студенттерінің командасы Егінбаев Әділет, Иртаева Еркеайым, Абдрашит Зере. Жетекшісі: Какембай Рахат.

3 орын-  «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КМҚК студентерінің командасы Карцев Констонтин, Серик Айдын, Гетцель Антон.  Жетекшісі: Башеева А.О.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен және қатысушылар сертификаттармен марапатталады.