Балалар қауіпсіздігі бойынша тренерлердің есеп беру кездесулері
19-01-2024 17:17
Балалар қауіпсіздігі бойынша тренерлердің есеп беру кездесулері

      2024 жылдың 19 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы облыстың жалпы білім беру ұйымдарының балалар қауіпсіздігі бойынша тренерлерінің есеп беру кездесулерін өткізді.

Кездесулер барысында 2023-2024 оқу жылының І жарты жылдығындағы жұмыс қорытындысы шығарылды. «Жеке қауіпсіздік» курсы бойынша оқушылармен сабақ өткізудің тиімді мәселелері қарастырылды.