2024 жылдың 25 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Цифрлық әлемге қадамдар» жобасы аясында оқушылардың компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын дамыту мақсатында байқаудың қорытынды кезеңін өткізді.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
- Растрлық графика (1-3 сынып);
- Растрлық графика (4-5 сынып);
- Векторлық графика (6-7сынып);
- Векторлық графика (8-9сынып);
- Коллаж (1-4сынып);
- Коллаж (5-8сынып);
- Коллаж (9-11сынып);
- Компьютерлік анимация. Классикалық анимация. Флэш-анимация (9-11сынып);
- Графикалық дизайн (5-8сынып);
-Графикалық дизайн (9-11сынып).
Қорытынды кезеңге 104 оқушы қатысты. Әр номинация бойынша 6 секциялық жұмыстар жүргізілді. Байқаудың нәтижесі 2024 жылдың 31 қаңтар сағат 16.00-де ZOOM платформасында жарияланатын болады.