«1000 мектеп» Республикалық жобасы аясында өткізілген әдістемелік күн
26-01-2024 16:56
«1000 мектеп» Республикалық жобасы аясында өткізілген әдістемелік күн

Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 26 қаңтарда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «1000 мектеп» республикалық жобасыаясында жұмыс жоспарына сәйкес Теміртау, Шахтинск, Балқаш қалаларының мектептері үшін апта сайынғы он-лайн Әдістемелік күн өткізді.

Шахтинск қаласының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Д.А.Сатемирова2023-2024оқу жылының (гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы) бірінші жартыжылдығындағы білім сапасының қорытындыларына сараптама жасап, туындаған мәселелерге тоқталды.

Сондай-ақ, Теміртау қаласындағы №22 ЖББМ директоры А.Б. Байбосынова және Балқаш қаласындағы №10 ЖББМдиректоры С.Г. Укпешова «Жоғарғысыныптарда алгебраны оқытужағдайы» тақырыбында жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Әдістемелік күннің қорытындысы бойынша менторлар: бірінші сұрақ бойынша оқушылардың үй тапсырмаларын орындамауы себебінен білім сапасы төмендеген сыныптардаата-аналармен жұмыс кезінде сынып жетекшісі тарапынан бақылауды күшейтутапсырылды. Басқа да туындаған мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.

Ұсыныстар жұмысқа қабылданды. Әдістемелік күн тәртібінде берілген тақырып бойынша, жобаға қатысушы мектептердің барлық директорлары да іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар: директорлар және директордыңорынбасарлары - 32 педагог.