Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) туралы семинар
2024 жылдың 2 ақпанында«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және стандартқа сай қолдану» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Оқыту семинары барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау мониторингі бойынша облыстық комиссиясының жұмыс тобының мүшесі Кабулова Шахмарал Майбековна дәріс берді.
Семинар жұмысына Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының 300 астам директорлары қатысты.