2024 жылдың 5 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық Ассоциациясының ұйымдастыруымен «Қалыптастырушы бағалау және нәтижелі кері байланыс беру» тақырыбында жас мамандарға арналған вебинар өткізілді.
Мақсаты: Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын ұйымдастыру мен нәтижелі кері байланыс беру жолдарын тәжірибе алмасу арқылы меңгерту, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы қалыптастырушы бағалаудың, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыстың тиімділігін жан-жақты көрсететін және оқу мақсаты негізінде жасалған бағалау критерийлеріне сай тапсырмалар мен дескрипторлар құрастырудың түрлі әдістерін ұсынып, әдістемелік көмек көрсету мақсатындағы семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ассоциациясының төрағасы, «Шәкәрім атындағы гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кубекова Қ.Т. және әдіскер Г.Жаркеева таныстырылым жасап, практикалық жұмыстар жүргізді.
Шараға облыс бойынша 80-ге жуық жас педагогтер қатысты.