Размер шрифта:
«1000 МЕКТЕП» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АБАЙ, БҰҚАР ЖЫРАУ, ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНДАРЫ МЕКТЕПТЕРІ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН
02-02-2024 13:15
«1000 МЕКТЕП»  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ЖОБАСЫ  АЯСЫНДА  АБАЙ,  БҰҚАР ЖЫРАУ, ҚАРҚАРАЛЫ  АУДАНДАРЫ МЕКТЕПТЕРІ  ҮШІН  ӘДІСТЕМЕЛІК  КҮН

          2024 жылдың  2 ақпан күні  Қарағанды  облысында  білім  беруді  дамытудың  оқу-әдістемелік  орталығының  ұйымдастыруымен  «1000 мектеп» республикалық  жобасына  қатысушы  білім  беру  ұйымдары  үшін  әдістемелік  күн  өткізілді.

          Әдістемелік  күннің  бекітілген  күн  тәртібіне  сәйкес ББД оқу-әдістемелік  орталығының  әдіскері  Цой К.П. аталған  аудандардың  орыс тілі  және  әдебиеті  пәні  бойынша  білім  сапасының  салыстырмалы  талдауымен  таныстырды.

          Әдістемелік  күн  барысында  Қарағанды  қаласындағы  «№ 66 мектеп-лицей» КММ  бастауыш сынып  және  орыс тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімдері Гелашвили Марина Владимировна, Долгова Татьяна  Владимировна  «Пропедевтическая  работа  по  развитию  письменной  речи»,  «Формирование  и совершенствование навыка написания эссе в  5-11 классах»  тақырыптары  бойынша  іс-тәжірибелерімен  бөлісті. Күн  тәртібінің  сұрақтарын  талдау  барысында  мәселелерді  шешу  жолдары  көрсетіліп,  ұсыныстар  берілді.

Әдістемелік күнге Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарынан жобаға енген 8 мектептің  директорлары, орынбасарлары,  орыс тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдері, барлығы  27 педагог қатысты.