2024 жылдың 2 ақпан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «1000 мектеп» республикалық жобасына қатысушы білім беру ұйымдары үшін әдістемелік күн өткізілді.
Әдістемелік күннің бекітілген күн тәртібіне сәйкес ББД оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Цой К.П. аталған аудандардың орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша білім сапасының салыстырмалы талдауымен таныстырды.
Әдістемелік күн барысында Қарағанды қаласындағы «№ 66 мектеп-лицей» КММ бастауыш сынып және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Гелашвили Марина Владимировна, Долгова Татьяна Владимировна «Пропедевтическая работа по развитию письменной речи», «Формирование и совершенствование навыка написания эссе в 5-11 классах» тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Күн тәртібінің сұрақтарын талдау барысында мәселелерді шешу жолдары көрсетіліп, ұсыныстар берілді.
Әдістемелік күнге Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарынан жобаға енген 8 мектептің директорлары, орынбасарлары, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, барлығы 27 педагог қатысты.