28 наурыз – 01 сәуір аралығында Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының «№3 гимназиясы» КММ базасында «Кәсіби шеберлікті жетілдіру мектебінің» курстары өтуде.
28-03-2016 06:52

      Облыс әкімінің тапсырмасымен көктемгі каникул күндері 2016 жылдың 28 наурыз – 01 сәуір аралығында Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының «№3 гимназиясы» КММ базасында Қарағанды облысының орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған «Кәсіби шеберлікті жетілдіру мектебінің» курстары өтуде.  

      Лекциялар циклі, тәжірибелік сабақтар мен тренингтерді облыстың алдыңғы қатарлы практик психологтері, суицидолог-дәрігерлер, психотерапевтер, Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушылары жүргізуде.