Қосымша және арнайы білім беру ұйымдарының директорларына арналған әдістемелік күн
13-02-2024 10:48
Қосымша және арнайы білім беру  ұйымдарының директорларына арналған әдістемелік күн

      2024 жылғы 13 ақпанында Қарағанды облысының білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығыменнормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мектептерді дамыту бағдарламаларынаөзгерістер енгізу бойынша қосымша және арнайы білім беру  ұйымдарыныңдиректорлары үшін әдістемелік күн өткізілді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

«Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 273 бұйрығына және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына сәйкес мектептерді дамыту бағдарламаларына өзгерістер енгізу туралы;

- Мектепті дамыту бағдарламасының құрылымы туралы.

Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлеріне және облыстың жалпы білім беретін мектептерінің директорларына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мектептерді дамыту бағдарламасының құрылымы мен мазмұны бойынша ұсынымдары жеткізілді.