«1000 МЕКТЕП» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АБАЙ, БҰҚАР ЖЫРАУ, ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНДАРЫ МЕКТЕПТЕРІ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН
14-02-2024 12:10
«1000 МЕКТЕП»  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ЖОБАСЫ  АЯСЫНДА  АБАЙ,  БҰҚАР ЖЫРАУ, ҚАРҚАРАЛЫ  АУДАНДАРЫ МЕКТЕПТЕРІ  ҮШІН  ӘДІСТЕМЕЛІК  КҮН

      2024 жылдың  14 ақпан күні  Қарағанды  облысында  білім  беруді  дамытудың  оқу-әдістемелік  орталығының  ұйымдастыруымен  «1000 мектеп» республикалық  жобасына  қатысушы  білім  беру  ұйымдары  үшін  әдістемелік  күн  өткізілді.

          Әдістемелік  күннің  бекітілген  күн  тәртібіне  сәйкес білім  беруді  дамытудың оқу-әдістемелік  орталығының  әдіскері  Тукбаева З.И. аталған  аудандардың  химия, биология  пәндері  бойынша  білім  сапасының  салыстырмалы  талдауымен  таныстырды.

          Әдістемелік  күн  барысында  облыстық химия-биология пәндері Ассоциациясының  төрайымы Балапанова Құндыз  Сериковна  «Критериалды  бағалау – оқу  процесінің  басты  факторы», Қарқаралы ауданы №3 ЖББ мектеп директорының  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары Елюбаева  Нурсулу  Жорабаевна «Оқу  процесінің  сапасын  бақылау»  мектепішілік  бақылаудың  II тарауы бойынша сабақты  талдау»  тақырыптары  бойынша  іс-тәжірибелерімен  бөлісті. Күн  тәртібінің  сұрақтарын  талдау  барысында  мәселелерді  шешу  жолдары  көрсетіліп,  ұсыныстар  берілді.

Әдістемелік күнге Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарынан жобаға енген 8 мектептің  директорлары, орынбасарлары,   химия-биология пәндері  мұғалімдері, әдіскерлері  барлығы  100 педагог қатысты.