«Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасына дайындық шеберлік сабағы
16-02-2024 14:58
«Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасына дайындық шеберлік сабағы

      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 2024 жылдың 22-23 ақпан күндері «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен бірге бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізеді. Осыған орай 2024 жылдың 16 ақпаны күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен республикалық олимпиадаға дайындық шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабаққа қорытынды кезеңге жолдама алған 9 педагог қатысты. 2023 жылғы «Алтын тұғыр» олимпиадасының республикалық кезеңінің жеңімпаздары Романовская Лариса Валерьевна мен Стамбекова Шынар Данағұлқызы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.