«Шахматтың сиқырлы әлемі»
2024 жылдың 16 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған «Шахмат – мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік дамуының құралы ретінде» тақырыбында «Сиқырлы тақта» жоба бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында Теміртау қаласы мен Шет ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары «Сиқырлы тақта» облыстық жобасын жүзеге асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар табиғи материалдан дойбы мен шахмат жасау бойынша шеберлік сыныбын өткізді және педагогтардың білімін интеллектаулдық ойын арқылы анықталды.
Диалог алаңында қорытынды шығарылып, шешімдер қабылданып, ұсыныстар айтылды.
100 адам қатысты