«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы дәстүрлі құндылықтардың маңызы» тақырыбында Meet-up (Митап)
16-02-2024 17:49
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы дәстүрлі құндылықтардың маңызы» тақырыбында  Meet-up (Митап)

      2024 жылдың 16 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы дәстүрлі құндылықтардың маңызы» тақырыбында Meet-up (Митап) өткізді.

Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша кешенді жоспарды жүзеге асырудағы педагогтердің озық тәжірибелермен алмасу алаңына директордың тәрбие орынбасарлары қатысты. Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы орынбасарлары және сынып жетекшілер «Адал ұрпақ» клубы бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар спикерлері: Н.М. Мухаметжанова, «Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицей» КММ, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары; И.А. Феоктистова,«№11 ЖББМ» КММ психологі;А.Қ. Садуова, «Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицей» КММ сынып жетекшісі; Ж.К. Гагина, «Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.