Республикалық «1000 мектеп» және облыстық «Жетістік формуласы» жобаларына енген Нұра, Осакаров аудандарының білім беру ұйымдарымен әдістемелік күн
16-02-2024 17:53
Республикалық «1000 мектеп» және облыстық  «Жетістік формуласы» жобаларына енген Нұра, Осакаров аудандарының  білім беру ұйымдарымен  әдістемелік күн

     Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 15 ақпанда онлайн форматта Республикалық «1000 мектеп» және облыстық «Жетістік формуласы» жобаларына енген  Нұра, Осакаров аудандарының білім беру ұйымдарының химия, биология пәндері мұғалімдерімен әдістемелік   күн өткізілді.            

«Осакаров ауданының білім бөлімі» ММ ӘК меңгерушісі М. Тұрарбекова ІІІ тоқсан бойынша МІБ жоспарын зерделеу нәтижесімен таныстырып,  атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәлімет берді.

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының әдіскері Тукбаева З.И.  химия, биология пәндері бойынша 2023-2024 оқу жылының І, ІІ тоқсан білім сапасының салыстырмалы талдауын жасап, ұсыныстар берсе, Қарағанды қаласы «Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ  биология пәні мұғалімі, Ассоциация төрайымы Балапанова Қ.С. «Критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында педагогтермен тәжірибе бөлісті.

Әдістемелік күнге 50-ге жуық адам қатысты.