«ЖАС МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТРЕНД, ЖАҢА КӨЗҚАРАС» ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ПЕДАГОГТЕР ФЕСТИВАЛІ
21-02-2024 22:08
«ЖАС МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТРЕНД, ЖАҢА КӨЗҚАРАС» ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ПЕДАГОГТЕР ФЕСТИВАЛІ

      2024 жылғы 21 ақпанда Қарағанды облысының білім басқармасы және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының жас педагогтерінің «Жас мамандардың кәсіби дамуы: білім берудегі жаңа тренд, жаңа көзқарас» әдістемелік фестивалін өткізді.

Әдістемелік фестивальге жұмыс өтілі бір жылдан аспайтын Қарағанды облысының жас педагогтері қатысты.

Әдістемелік фестиваль тренингтер, шеберлік сыныптар арқылы педагогикалық қызметті сүйемелдейтін жұмсақ құзыреттіліктерді қалыптастырудан басталды. Жұмыс барысында жас педагогтердің анықталған кәсіби қиындықтарының негізгі бағыттары бойынша проблемалық интерактивті алаңдардың жұмысы. Фестивальдің пленарлық бөлімін Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы-Гүлбақыт Серікжанқызы Жүнісова ашты.

Интерактивті алаңдардың нәтижелі жұмысы үшін жұмыс барысында педагогтердің кәсіби білімі мен дағдыларын дамыту саласында тәжірибесі бар кәсіби спикерлер шақырылды - Абылай Нұрдәулет Досжанұлы, «Modern Teachers Academy» орталығының директоры, Батыров Жасур Гайратович, «Apex» білім беру орталығының директоры, Тапенова Айнур Сагатовна,  Касымова Майгуль Хамитовна, Қарағанды қаласы «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» КММ Тарих және Математика пәні мұғалімдері, Турсунбекова Дина Жолаушиевна, Қарағанды қаласы, «№97 гимназия» КММ информатика пәні мұғалімі және Педагогикалық шеберлік орталығының оқытушысы, Акижанов Ержан Нуржанович, «№73 жалпы білім беретін мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Информатика» пәні мұғалімі, Жанбырбай Елдос Жанбырбайұлы,  «Жыл мұғалімі-2023» байқауының Бас жүлдегері, Ақтоғай ауданы «Шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай» кешені» (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы «Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ география пәнінің мұғалімі, Шибаева Салиман Рамазановна, «Жыл мұғалімі-2023» байқауының жүлдегері, «Дарын»  мамандандырылған мектеп-интернат химия пәнінің мұғалімі, Қарабалина Айғаным Серікқызы, «Жыл мұғалімі-2023» байқауының жүлдегері, Саран қаласы «№6 жалпы білім беретін мектеп» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Фестиваль секциялық алаңдардың спикерлерімен аяқталды, олар интерактивті алаңдардың жұмыс қорытындыларының жобалық шешімдерін көрсетті. Пленарлық отырыс барысында жас педагогтер өткізілген тренингтер, шеберлік сыныптар туралы оң пікір білдірді, сондай-ақ кәсіби шеберліктерін арттыру үшін осындай іс-шараларға қатысудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.