LESSON STUDY ЗЕРТТЕУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
21-02-2024 12:11
LESSON STUDY ЗЕРТТЕУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 21 ақпанында Қарағанды қаласындағы «М.Мамыраев атындағы мектеп-интернатында» КММ базасында «Lesson study зерттеу сабағын ұйымдастыру» облыстық семинар–практикум өтті.

Ұстаздар 7 қадамда жұмыс барысымен қалай өткізгендігі жайлы мәлімет ала отырып, фокус топтардың талдауы мен оқушы үнінің қысқаша сәттерімен танысып, оқушылардың білім сапасын динамикасының көрінісі мен жетістіктері жайлы мәлімет алды.

Келесі кезекте 9-10 сыныптарда өткізілген кіріктірілген сабақтарға қатысып, бақылаушылардың жұмысын көруге мүмкіндік ала отырып,сабақ өткізген мұғалімдердің тәжірибесінен өз қоржындарын толықтыра алды.

Сабақтан кейін Д.Т. Біләл, Б.Н. Бегешева «Педагогтардың тәжірибесін жақсарту мақсатында Lesson study зерттеу сабағын ұйымдастыру» тақырыбында коучинг өткізді. Пит Дадли нұсқаулығынан мәтіндерді ала отырып, «Lesson Study» бойынша бірлескен жұмыс ережесін талдады, мұғалімдермен тәжірибе алмасты.