Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі
21-02-2024 14:18
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі

       2024 жылдың 21 ақпанындапедагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында Қарағанды облысындабілім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының үйлестіруімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңіөткізілді.

Конкурстың мақсаты педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу болып табылады.

Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Арнайы пәндер педагогтері арасында:

Бас жүлде -  «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысыМаженова Салтанат Садвакасовна;

1 орын - «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК  оқытушысы Идрисова Меруерт Абильтаевна;

2 орын  - «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ оқытушысы Абильдина Бекзат Куатовна;

3 орын – «Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі» ЖММ оқытушысы Тастурсинова Умида Ортикбойкызы.

Жалпы білім беретін пәндер педагогтері арасында:

Бас жүлде - «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы Лопатко Ирина Георгиевна;

1 орын - «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы Әбілмажін Айдын Аманжолұлы;

2 орын - «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КМҚК оқытушысы Джакупова Молдир Сериковна;

3 орын – «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы Байсаринова Толкын Абаевна.

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсынқатысуға құқылы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.