«Мектеп бітіруші түлектер - 2016» акциясы қарсаңында өткізілетін «Күлкі кеші» шарасын өткізу туралы ақпарат
25-03-2016 09:45
«Мектеп бітіруші түлектер - 2016» акциясы қарсаңында өткізілетін «Күлкі кеші» шарасын  өткізу туралы ақпарат

       25.03.2016ж. сағат 17:00 ден 19:00 –ге дейін Осакаровка ауданы №12 ОМ мектеп жанындағы интернат базасында «Күлкі кеші» шарасы ұйымдастырылды. Осы шараның мақсаты акцияға қатысушылардың белсенділігін арттыру және бірігіп жұмыс жасау, Іс – шараны № 12 ОМ тәлімгері әзірледі. Қатысушылар саны – 37 адам.

       Оқушылар өздеріне ұнаған түсті таңдап алулары қажет етілді. Түсті белгі бойынша оқушылар  төрт командаға бөлінді, қатысушылар командаға атау беріп, командир таңдап, девиз әзірледі.

       Келесі конкурс «Передай эмоцию» деп аталды, команда командирі эмоцияны таңдап, оны мимика бойынша келесі балаға жеткізеді, команданың соңғы қатысушысы эмоцияны дауыстап айту керек.  

      «Разминкада» әр команда бес минут ішінде күлкілі сұрақ дайындап оған өздерінің жауабын береді. Уақыт аяқталғанша әр команда өз сұрақтары мен өз жауаптарын айтып шығады.

      Шараның соңғы кезеңі  «Робинзонды киіндіру» деп аталды. қатысушылар міндеті командадан Робинзонды таңдап алып, өзі тап болған күйдегі климаттық жағдайға сәйкес киіндірді

      Шараның рефлексиясы сауалнама түрде өткізілді.

      Барлық қатысушылар шараға белсене араласты, бір – біріне сыпайы қарым – қатынаста болды.