2024 жылдың 23 ақпанында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің базасында «Даму»шеберлер мектебі» және «Алға қадам» жобаларын іске асыру шеңберінде мастер-класстар көрсетілімін өткізді.
Іс – шара педагогикалық ынтымақтастық дағдыларын дамыту, «тәлімгер-жас педагог» жағдайында тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.
Семинардың ашылуында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директоры Е.С. Әміров «Кәсіби шеберлік алаңы: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында сөз сөйледі.
Бұдан әрі, бағдарламаға сәйкес, келесі тақырыптар бойынша Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Педагог-зерттеуші»біліктілік санаты бар тәжірибелі педагогтары менжас мамандарыныңкіріктірілген шеберлік-сыныптары көрсетілді:
- «СКТ (сатылай кешенді талдау) технологиясы – оқыту үдерісінде», Муханова Г.Т., қазақ тілі мен әдебиеті және арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші; Ербулан М.А., қазақ тілі мен әдебиеті және арнайы пәндер оқытушысы;
- «Өзара оқытуды (Peer Learning) білім беру процесіне интеграциялау: стратегиялар мен тәжірибелер», Мазитова Ю.А., ағылшын тілі және арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі; Лунева Т.Е., ағылшын тілі және арнайы пәндер оқытушысы;
- «Көркем еңбек сабақтарында 4К моделін іске асыру», Рахимбаева Т.К., көркем еңбек және арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші; Нурмаганбетов Н.К., математика пәні оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Іс-шара соңында модераторлар - Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Д. К. Исатаев және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері А.А. Кнашина, И.А. Зубарева рефлексия өткізді, онда тыңдаушылар қызықтырған сұрақтарға жауап алды, ұсынымдар берілді және қорытындылар шығарылды.
Іс-шараға Қарағанды облысы колледждерінің 49 педагогы қатысты.