2024 жылғы 23 ақпанда Шахтинск қаласының «Еркетай» бөбекжайы» КМҚК базасында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен математикалық сауаттылық апталығын іске асыру шеңберінде семинар-практикум өтті. Семинарға Қарағанды облысының әр өңірлерінен 46 қатысушы қатысты. Семинар барысында қатысушылар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің түрлі заманауи технологияларымен, әдістемелерімен танысты. Олардың кейбіреулері: балалардың танымдық - интеллектуалдық дамуындағы «Кайе ұяшықтары» технологиясы, математикалық қабілеттердің дамуындағы Геоборд, Дьенештің логикалық блоктары, интеллектуалды брейнсторминг, Псифофония және символдық логика, мектеп жасына дейінгі балаларда логикалық ойлауды дамытуда комбинаторика әдістерін қолдану. Семинар соңында қатысушылар көргендері туралы пікір алмасты. Семинар барысында инстограмм платформасында тікелей эфир өткізілді оған сілтеме бойынша өтуге болады https://www.instagram.com/erketai.bilimshahtinsk?igsh=cXo2b3Q5dzcxbzRp&utm_source=qr
"Қызықты математика" Математикалық сауаттылық апталығы аясындағы семинар-практикум