2024 жылдың 23 ақпан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Табыс формуласы» облыстық жобасына қатысушы білім беру ұйымдары үшін әдістемелік күн өткізілді.
Әдістемелік күннің күн тәртібіне сәйкес Бұқар жырау ауданының «А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ» КММдиректорыШунгулов Абдрашит Зейнеловичжәне мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Иваненко Наталья Ивановна «Іс әрекетті зерттеу. Сабақты зерттеу. Мектепішілік бақылау жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында қолдау көрсетуші және тиімді жұмыс режиміндегі білім беру ұйымымен атқарған жұмыстарын ұсынып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Әдістемелік күнге қатысушылар жобаны жүзеге асыру бойынша әріптестерінің жақсы жұмыстарын атап өтіп, сұрақтарын қойды.
Әдістемелік күнге Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарынан жобаға енген тиімді жұмыс режиміндегі және қолдау көрсететін білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары барлығы 35 педагог қатысты.