«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАДАМ» ОБЛЫСТЫҚ АГРОСЫНЫП ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
22-02-2024 16:57
 «АУЫЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫНА  ҚАДАМ»  ОБЛЫСТЫҚ АГРОСЫНЫП  ЖОБАСЫНЫҢ  ЖҮЗЕГЕ  АСЫРЫЛУЫ

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылдың 22 ақпан күні   "Ауыл шаруашылығына қадам" кәсіби бейіндік агросынып жобасының Ақтоғай, Бұқар жырау  аудандарында жүзеге асырылуы» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.

          Бекітілген бағдарламаға сәйкес «Агросынып жобасын жүзеге асыруда білім беру ұйымдарына бекітілген Ресурстық орталықтар және колледждермен жұмыстарды ұйымдастыру» туралы  ББД ОӘО әдіскері Толеубаева Г.А. таныстырды. Сонымен бірге «Ауыл шаруашылығына қадам» кәсіби бейіндік жобасы аясында  ұйымдастырылған  іс-шаралар»,  «Агросынып жобасы аясында кәсіби бағдар беру, оқушылардың ғылыми жобаларға, зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру», «Қолданбалы  ұлттық  қолөнер: шым ши тоқу әдісі», «Гидропоника әдісін    ауылшаруашылығында тиімді  пайдалану тәсілдері», "Білім алушыларды ауыл шаруашылығы мамандықтарына баулу»    тақырыптарында Бұқар жырау ауданының "Көкпекті ЖББМ"  биология пәні мұғалімі Жаймина Г.А., «Керней тірек мектебі (РО)» биология пәні мұғалімі  Копеева Ж.А.,Ақтоғай ауданының Н.Әбдіров атындағы ЖББМ директорыБакиров С.С., «Ж.Кеңесбаев ат ЖББМ» кәсіби бағдар беруші Толешова Ф.Т.,, Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Кауазов Н.К. жоба аясында атқарылған жұмыстарының қорытындысымен таныстырып, өз іс – тәжірибелерімен бөлісті, алда атқаратын жұмыс жоспарларымен таныстырды.

          Семинарға қатысушылар жобаны жүзеге асыру бойынша әріптестерінің жақсы жұмыстарын атап өтіп, сұрақтарын қойды.

Семинар жұмысына  85  педагог  қатысты.