Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 26 ақпанда «Зейін» жобасын іске асыру аясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне «Оқушылардың функционалдық сауаттылығының құрамдас бөлігі ретінде саналы оқу дағдысы», «Оқу сауаттылығын дамыту кезінде оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою» тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізді. Шеберлік-сыныптарды Шахтинск қаласының «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елеусизова Гүльнара Сериковна мен Шет ауданының «Ақжал жалпы орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сүлейменова Айсулу Тилектесовна өткізді. Мұғалімдер оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірленгенін көрсетті.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту кезінде саналы оқу дағдысының рөлі