Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 2024 жылдың 22-23 ақпан күндері «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен бірге бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі болып өтті. Бұл олимпиада №514 бұйрыққа енгізілген және оған қатысу аттестациядан өту кезінде ескеріледі.
Олимпиадаға Қарағанды облысынан өңірлік кезеңде 1 орын иеленген 9 мұғалім қатысып қайтты.
Республикалық кезеңнің нәтижесі бойынша 9 мұғалімнің 5 еуі жүлделі орынға ие болды.
1 орын– Шелкунова Ирина Викторовна, Абай ауданы «Прокофий Корниенко жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі
2 орын- Макашева Айсулу Ардаковна, Қарағанды қаласы «№14 мектеп-гимназия» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі;
3 орын- Омашева Алмагул Тлеубергеновна, Қарқаралы ауданы «академик Орынбек Жәутіков атындағы жалпы білім беретін № 1 мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі. Сатжанова Гульжан Елеусизовна, Қарқаралы ауданы «академик Орынбек Жәутіков атындағы жалпы білім беретін № 1 мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі. Махабаева Айгуль Бауржановна, Шет ауданы «Ю.Гагарин атындағы мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі.
ГрамотаменТравнева Ольга Юрьевна, Осакаров ауданы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі. Дударук Алена Алексеевна Нұра ауданы «Байтуған жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі. Калиниченко Людмила Геннадьевна, Қарағанды қаласы «Қазыбек Нұржанов атындағы гимназия» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі марапатталды.
Олимпиадаға қатысу – өз мектебінің, аймағының атынан шыққан әрбір ұстаз үшін үлкен мәртебе ғана емес, зор жауапкершілік. Зияткерлік және шығармашылық қызметтің белгілі бір саласында өзіңізді жүзеге асыруға деген ұмтылыс сізге қоғамда сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді және қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі деп сенемін.
Қарағанды өңірінің намысын қорғап, жоғары кәсіби біліктілігін көрсетіп келген Ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймын!