2024 жылдың 26 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында 4 бағыт бойынша «Үздік IT-сабақ» облыстық байқауын өткізді: жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары; информатика пәнінің оқытушылары; арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері; IT-саласының арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері.
Конкурстың мақсаты Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру процесінде педагогтердің инновациялық ақпараттық технологияларды қолдануының маңыздылығын арттыру.
Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар білім беру процесінде инновациялық IT-технологияларды қолданудың тиімді тәжірибелерін көрсетті.
Байқауға 50 педагог қатысты.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары» бағыты бойынша:
1 орын - Абикаева Гульмай Агымжановна, «Қарағанды тау–кен индустриалдық колледжі» КМҚК жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы;
2 орын - Какембай Рахат және Кусенбаева Бакитжан Орынбасаровна, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК жалпы білім беретін пәндер оқытушылары;
3 орын - Абильдина Бекзат Куатовна, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ жалпы білім беретін пәндер оқытушысы.
«Арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері» бағыты бойынша:
1 орын - Әжімаханова Еркеайым Мейрамханқызы, «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;
1 орын - Омарова Сауле Сайлауовна, «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы;
2 орын - Коба Ирина Петровна, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;
2 орын - Тойбекова Жанар Айткалиевна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;
3 орын - Дудник Маргарита Георгиевна, «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы;
3 орын - Оралбай Таңсұлу Қанатқызы, «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы;
3 орын - Ханина Наталья Юрьевна, «Теміртау техникалық колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы.
«IT-саласының арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері» бағыты бойынша:
1 орын - Кузембаева Алия Жаксылыковна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;
2 орын - Мухаммедиева Ботагоз Абаевна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.