2024 жылдың 27 ақпанында Математикалық сауаттылықапталығыаясында Шахтинск технологиялық колледжі базасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жетекшілігімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Математиканың үздік оқытушысы» облыстық байқауы өтті.
Мақсаты:озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, ТжКОБ жүйесінде оқытушыларының кәсіби шеберлігін дамыту, педагогикалық қызметтің үздік үлгілерін тәжірибеге енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру.
«Қазіргі әлемдегі Математика: педагогтің білім алушылардың математикалық мәдениетін қалыптастыруға әсері»тақырыбыменСаттыбаева Алия Рахимбековна,«Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК директорысөз сөйлеп, іс-шараны ашты.
Байқауға Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 5 математика пәні оқытушылары қатысты.
Байқау үш кезеңнен тұрды: Бірінші біліктілік кезеңі тестілеу түрінде болса, екінші кезең – «Кейсті әзірлеу», математика бөліміндегі кез келген тақырып бойынша студенттердің кәсіби бағыты бар тапсырманың немесе жаттығудың сипаттамасы, ал үшінші кезеңде – «Менің педагогикалық қоржынымнан», педагог өз тәжірибесінен қызықты, тиімді педагогикалық идеяларды кез келген форматта ұсынды.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Амантаева Меруерт Копжасаровна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
2 орын – Адил Арнагул, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК;
3 орын - Оськина Надежда Николаевна, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.