Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Математиканың үздік оқытушысы» облыстық байқауы
27-02-2024 17:35
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Математиканың үздік оқытушысы» облыстық байқауы

     2024 жылдың 27 ақпанында Математикалық сауаттылықапталығыаясында Шахтинск технологиялық колледжі базасында Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жетекшілігімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Математиканың үздік оқытушысы» облыстық байқауы өтті.

Мақсаты:озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, ТжКОБ жүйесінде оқытушыларының кәсіби шеберлігін дамыту, педагогикалық қызметтің үздік үлгілерін тәжірибеге енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру.

 «Қазіргі әлемдегі Математика: педагогтің  білім алушылардың математикалық мәдениетін қалыптастыруға әсері»тақырыбыменСаттыбаева Алия Рахимбековна,«Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК  директорысөз сөйлеп,  іс-шараны ашты.

Байқауға  Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 5 математика пәні оқытушылары қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды: Бірінші біліктілік кезеңі тестілеу түрінде болса, екінші кезең   «Кейсті әзірлеу», математика бөліміндегі кез келген тақырып бойынша студенттердің кәсіби бағыты бар тапсырманың немесе жаттығудың сипаттамасы, ал үшінші кезеңде – «Менің педагогикалық қоржынымнан», педагог өз тәжірибесінен қызықты, тиімді педагогикалық идеяларды кез келген форматта ұсынды.

Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын –  Амантаева Меруерт Копжасаровна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;

2 орын – Адил Арнагул, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК;

3 орын -  Оськина Надежда Николаевна, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК.

Жеңімпаздар Қарағанды ​​облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.