2024 жылдың 26 ақпанында «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен «Туризм, география, қауіпсіздік қызметі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Меридиан» кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
Байқаудың мақсаты инновациялық педагогикалық қызметпен айналысатын ТжКОБ ұйымдарының «Туризм, география, қауіпсіздік қызметі» бағыты бойынша дарынды, шығармашыл педагогтерін анықтау және қолдау болып табылады.
Байқауға кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар 4 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Байқау екі кезеңнен тұрды: І кезең – «Педагог портфолиосы», ІІ кезең – «Педагогтың үздік тәжірибесі».
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Бондарева Нина Александровна, «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және заң колледжі» ЖММ;
2 орын – Третьяк Владислав Евгеньевич,«Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК;
3 орын- Штарев Евгений Владимирович,«Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.