«Сабақты зерттеу» – педагогтің кәсіби дамуының құралы ретінде» семинары
28-02-2024 16:29
«Сабақты зерттеу» – педагогтің кәсіби дамуының құралы ретінде» семинары

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының, Қарағанды қаласының білім бөлімінің «Ғабиден Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында 2024 жылдың 28 ақпанында «Сабақты зерттеу» - педагогтің кәсіби дамуының құралы ретінде» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар «Сабақты зерттеу» әдісін демонстрациялау және педагогтардың кәсіби дамуына ықпал ету, оқыту тәжірибесін жақсарту және оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында өткізілді.

Постерлік презентацияларды қорғау барысында семинарға қатысушылар 2023/2024 оқу жылының 1 жартыжылдығында LS өткізу бойынша мектептің он тоғыз педагогының нәтижелерімен танысты. Көрмеде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Б. Даутбекова тарапынан сабақты зерттеу бойынша педагогтардың жетістіктері мен әдістемелік өнімдері ұсынылды.     

Суртубаева Д.А., ғылымды дамыту бөлімінің басшысы, Шубакова К.И., Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ғылымды дамыту бөлімінің әдіскері облыстың білім беру ұйымдарында «Сабақты зерттеу» тәсілін іске асыру барысы туралы таныстырып, осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігіне тоқталды. Өйткені сабақты зерттеу оқыту сапасын жақсартуға, мұғалімдердің бірлескен нәтижелі жұмысы арқылы білім алушылардың білімін арттыруға бағытталған.

Семинар аясында мектеп директоры Л.В.Горбунова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Л.И.Фролова, З.Ж.Сексембаева, С.Т.Макаева, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Г.М.Кенжетаева тарапынан қатысушыларға мұғалімдердің екі жарым жылдағы жұмыс тәжірибесінде Lesson Study тәсілін қолданудың тиімділігіне талдау жасалды, бұл тәсіл мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамыту динамикасы мен оқушылардың ынтасын арттыруда оң нәтиже көрсететіндігіне тоқталды.

Ғ.Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері Захожая Т.Н., Рашева Г.Т., Болысбекова А.Е., Булканова Б.Е., Алтай Қ.С., Клас А.С., Тенилбаева Р.А., Егизбаева С.Б., Асанова А.А. сабақтар өткізді. Сабақтарда АВС оқушыларын бақылау және оларды сабақта зерттеу талқылауы қалай өтетіндігі туралы сауалнама ерекшеліктері көрсетілді. Сабаққа сыртқы сарапшылар ретінде қатысқандар: Қарағанды қ. ПШО филиалының қызметкерлері Е.А. Маторина, Г.А. Рахманова, К.Е. Абдикаримова; Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО филиалы директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты М.П.Кушнир; Қарағанды қаласының ББ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Т.Р.Байжигитова, Қарағанды қаласының ББ әдіскерлері Ж.Б.Даутова, Е.Е.Бабагулов LS қолданумен өткен сабақтар кәсіби шеберлікті жетілдіру тәсілі ретінде мұғалімдердің жұмыс тәжірибесіне де енгізілуі қажеттігін атап көрсетті.

Күннің екінші жартысында мектеп педагогтері Л.А.Клишина, С.Е.Абенова, О.В.Васильева, Н.А.Андреева, О.Н.Юдина, З.А.Махтбекова, О.В.Болдырева, Р.Е. Дю, Г.Д.Хайруллина, А.М.Шарипова сынды педагогтар тарапынан 6 шеберлік сабағы өткізілді. Аталған ұстаздар ұсынылған ҚМЖ негізінде АВС оқушылары үшін жетістік критерийлерін әзірлеу және практикалық тапсырмаларды орындау бойынша өткен оқу жылындағы сабақтарды зерттеу нәтижелеріне тоқталды. Сондай-ақ, Қарағанды қаласындағы ПШО филиалының директоры Е.А. Маторина, ПШО жаттықтырушылары Г.А.Рахманова, К.Е.Әбдікәрімова СЗ және СәЗ тәсілдерін іске асыру шеңберінде зерттеу топтарын қалыптастыру және сабақтарды бақылау ерекшеліктері бойынша практикалық шеберлік сыныптарын өткізді.

Семинар соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары К.Б.Ищанова мен РЖ.Ералиева осы ауқымды іс-шараның ұйымдастырылуы мен семинарды өткізу бойынша рефлексия қорытындыларын көрсететін бейнетаспаны ұсынды.

Семинарға қатысушылардың қорытынды рефлексиясы барысында келесі қорытындылар жасалды:

  1. Lesson Study педагогтердің кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етеді(оқыту әдістемесін жетілдіру және оқушылардың негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру мақсатында оқытудың барлық сатыларында сәтті қолданылады).

2. Бұл тәсілді қолдану өзін-өзі дамытуға бағытталған өз қызметінің тұрақты рефлексиясына назар аударуға мүмкіндік береді.

3. АВС оқушыларын бақылау және сабақты кейіннен талқылау оқушылардың жұмысын егжей-тегжейлі бақылауға және кейіннен олардың оқу қызметіне түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

4. Зерттеу нәтижелерін оқу мен оқыту тәжірибесін жақсарту үшін, сонымен қатар АВС оқушыларының білім сапасын арттыру құралдарының бірі ретінде қолдануға болады, бұл болашақта жалпы мектеп бойынша осы көрсеткіштің өсуіне әкелуі мүмкін.

Семинар жұмысына Қарағанды облысының білім беру ұйымдарынан 60-қа жуық педагог қатысты.