«Ата салты-асыл мұра» тақырыбындағы тәлімгерлердің шеберлік сағаты
28-02-2024 12:24
«Ата салты-асыл мұра» тақырыбындағы тәлімгерлердің шеберлік сағаты

        2024 жылдың 28 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қалалық және аудандық білім бөлімдерінің білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен тәлімгерлерге «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» «Ұрпаққа аманат» жобасы аясында «Ата салты - асыл мұра» тақырыбында шеберлік сағат өткізді.

        Шеберлік сағатта Осакаров ауданының «Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (РО)» КММ тарих пәнінің мұғалімі және аға тәлімгері Мәсәлім Еламан Сайранұлы; Осакаров ауданының «№22 ЖББМ» КММ аға тәлімгері Есенгелді Жарасқан; Нұра ауданы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (РО)» КММ аға тәлімгері Жаншина Зарина Қанатқызы; Шет ауданы «Еркіндік ЖББМ» КММ аға тәлімгері Абдикерова Света Сейткалиевна қатысты.

        Тәлімгерлер қазақ халқының ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерін жаңғыртып, жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.