«МҰҒАЛІМ БОЛУ - МАҚТАНЫШ!» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫП БЕЙІНДІК ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
01-03-2024 16:50
«МҰҒАЛІМ БОЛУ - МАҚТАНЫШ!» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫП БЕЙІНДІК ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

      2024 жылдың 1 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Мұғалім болу - мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасын іске асыру бойынша облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерімен отырыс өтті.

Бекітілген бағдарламаға сәйкес Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері Н. С. Құсайынова «Мұғалім болу - мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасын іске асыру туралы» тақырыбында сөз сөйледі.

Әрі қарай, Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу–әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері А.А. Кнашина қатысып отырған педагогтерді облыс мектептерінің педагогикалық колледждеріне бекітілген тізімімен және 2024 жылға арналған «Мұғалім болу - мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасын іске асыру бойынша бірлескен жұмыс жоспарымен таныстырды.

Отырыс барысында қатысушылар жобаны іске асыру бойынша ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Отырыстың соңындақорытындылар шығарылып, ұсыныстар берілді.

Отырыс жұмысына облыстың 5 педагогикалық колледжінің педагогтеріқатысты.