ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
05-03-2024 18:50
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 5 наурызда Қарағанды қаласының «С.Саттаров атындағы мектеп–лицейі» КММ базасында дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған олимпиаданың финалдық кезеңін өткізді. Олимпиадаға 66 педагог қатысты, оның ішінде 31 педагог шекті деңгейден өтіп, 90-нан 50-ден астам балл жинады.

Ұсынылған материалдар негізінде: өтінім, «Визит карточкасы», сабақтың Youtube арнасына сілтемесі бойынша алты финалист анықталды. «Баскетбол», «Волейбол», «Гимнастика», «Футбол» төрт бағыты бойынша финалистер жеребе бойынша дене жаттығуларының кешенін көрсетті. Жүлделі орындар анықталды:

1 орын - Бериков Акжол Берикович, «Шәкәрім атындағы ЖББ мектебі» КММ     , Шет ауданы

2 орын - Ережепова Клара Сериковна, «№43 Қ.Смайылов атындағы тірер мектебі» КММ, Қарқаралы ауданы

2 орын - Бородастов Владимир Александрович, «Г. Потанин атындағы ЖББ мектебі» КММ, Қарағанды қаласы

3 орын - Базар Ерболат Базарұлы, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ

3 орын - Елубай Ораз Мақсатұлы, «С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназияі» КММ, Балқаш қаласы

3 орын – Смольникова Наталья Владимировна, «№1 гимназия» КММ, Теміртау қаласы

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!