Математика және физика пәні мұғалімдерінің әдістемелік сағаты
06-03-2024 18:53
Математика және физика пәні мұғалімдерінің әдістемелік сағаты

2024 жылдың 06 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен білім алушылардың білім жетістігінің мониторингісі аясында математика және физика пәндерінің мұғалімдері үшін әдістемелік сағат өткізілді. Барлығы 118 педагог қатысты.

Әдістемелік сағат барысында математика және физика пәндері бойынша «Контекстік тапсырмаларды орындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Оңғарбек Жұлдыз Есетқызы, Шет ауданы «Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Ахметова Айнур Боранбаевна, Шет ауданы «М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Коряка Елена Минегарифовна, Саран қаласы «№6 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Аникин Николай Николаевич, Саран қаласы «№17 мектеп-гимназиясы» КММ физика пәнінің мұғалімі.